Адиля Тілекенова әлем кубогында 12-орын алды
Испанияның Гвадалахар қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Адиля Тілекенова бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша 84 ұпай жинаған ресейлік Александра Солдатова топ жарса, екінші орынға 80.85 ұпаймен оның отандасы Екатерина Селезнева жайғасты. Үздік үштікті италиялық Александра Аджурджукулезе түйіндеді. Ал қазақстандық Адиля Тілекенова 69,65 ұпай жинап, 12-ші орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или