Астанада каратэден Қазақстан чемпионаты өтеді
<span>4 мамырда елордада «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай және шинкиокушинкай каратэден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. </span>
<span>Турнирде15 салмақ санатында 90-ға жуық үздік спортшы бағын сынайды. Аталмыш шара Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының және Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады. Жарыс қорытындысы бойынша KWU Дүниежүзілік киокушинкай одағының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында 7, 8 желтоқсанда өтетін IVӘлем чемпионатына жолдама алатын екі үздік каратэші анықталады.</span>
<span>
</span>
<span>
</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или