Қазақстандық каратэші халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық каратэші халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов Мароккода өтіп жатқан Премьер-лига жарысында алтын жүлдені жеңіп алды. 

60 келіге дейін салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда түрік спортшысы Салман Ераймен күш сынасты. Дархан Асаділов кездесу соңында гяку-цуки (бастан соққы) әдісін қолданып, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Дархан Асаділов Премьер-лига жарысының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или