Қазақстан синхронды жүзуден әлем кубогында жүлдесіз қалды

Қазақстан синхронды жүзуден әлем кубогында жүлдесіз қалды

Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан синхронды жүзуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады деп жазады Olympic.kz. 

Топтық жаттығудан өткен еркін бағдарламада Қазақстан командасы 81.9000 ұпай жинап, жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. 

Бұл сында алтын жүлдені Ресей, күмісті Испания, қоланы Беларусь командалары иеленді.

Сондай-ақ, жекелей сында Дженифер Русанова алтыншы орын иеленді. 

Бүгін біздің команда мүшелері «хайлайт» бағдарламасы бойынша сынға түседі.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или