Регби-7: Қазақстан әйелдер командасы әлемдік серияның іріктеу сынына қатысады

Регби-7: Қазақстан әйелдер командасы әлемдік серияның іріктеу сынына қатысады

4-5 сәуір күндері Гонконгта регби-7 спорты бойынша әйелдер арасындағы әлемдік серия турниріне іріктеу сыны өтеді. 

Аталған сынға Қазақстан әйелдер командасы да аттанып кетті. 

Біздің құрама Аргентина, Бразилия және Польшамен бірге С тобына түскен. 

Жарысқа жалпы есебі 12 команда қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша 8 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алмақшы. 

Турнир жеңімпазы регби-7 бойынша өтетін әлемдік серияның келесі маусымына еш іріктеусіз қатысатынын еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или