Алматыда Олимпиада чемпионының көлігінің айнасы ұрланды
Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
Баландин достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін, машинасының айнасып таппай қалған. Ұрлық туралы полицияға хабар берген.
«Көлігімнің маркасы Toyota Land Cruiser. Оны Олимпиададан кейін сыйлаған болатын. Бір айнаның бағасы 400 мың теңге шамасында. Адамдар айналарды ұрлауды жалғастыруда. Біздің халық өзгермейді», - деді спортшы өзінің инстаграм-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанау Денис Тен өткен жылы автоұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или