Немістің жемісті әдістері

Немістің жемісті әдістері

Бундеслига Еуропаның ең мықты лигасы болмаса да. немістерде әлеуметтік желілер мен озық технологиялар толық қалыпта. Көп жағдайда осы екі нәрсе бір-бірін толықтырып отырады. Мәселен, бундеслиганың YouTube-каналы озық технологилардың  ойын мен жаттығуларға қалай әсер ететіні туралы видео жүктеді.

Ағылшын және неміс тілдерін білмейтіндер немесе футболды көргенге қарағанда оқығанды ұнататындар үшін ең маңыздысы қызықты сәттер.

"Байердің" ойын барысындағы талдауы.
Ливеркузендік клубтың тікелей ойын уақытында алаңда болып жатқан матч жайында ақпарат жинайтын және талдау жасайтын бір топ аналитиктері бар. Олар қосалқы құрам отыратын орындықтарда да, трибунада да отырады. Олармен бапкерлік құрам ойынға енгізілетін өзгерістер мен тыңнан қосылатын ойыншылар жөнінде кеңеседі. Аналитиктердің ноутбуктарына Бундеслиганың ресми қамтушы "Sportec" компаниясы барлық ресми статистиканы жіберіп отырады. Ақпаратпен қамту мақсатында әрбір аренада алаңның барлық бөлігін қамтитын 6 камера орнатылған. Солардың көмегімен ойынның кез келген уақытында,  алаңның барлық бөлігіндегі доп пен ойыншылардың позициясын бақылауға мүмкіндік бар.

Мысал ретінде ақпан айында өткен Байер- Бавария матчындағы аналитиктердің жұмысын көрсетілген. Ол матчта үзіліс алдында Бавария есеп ашқан, Байердің жас жұлдызы Кай Хавертц жарақат алған болатын. Бапкерлік құрам аналитиктермен ақылдаса келе екі артқы(тіркеуші) жартылай қорғаушылармен ойнайтын схемаға ауысты. Екінші таймда "Ливеркузен" 2 гол соқты, бырақ ойын аяғына қарай "Бавария" қысым жасай бастады.
Аналитиктер бапкерге Фолландты өткір шабуыл өтінен сол қапталға ауыстыру туралы кеңес береді. Кевин сол қапталға ойысып, оның орнына Лукас Аларио шабуылда өнер көрсетті. Фолланд сол қапталды сәтті қадағалады, ал Аларио болса матчтың 87-минутында 3 голды соқты.

Ойыншылардың қозғалысын бақылау жүйесі.
Бундеслига бұл бастаманы Глазгода қаржыландырды. "Track 160" компаниясы ойыншылардың қозғалыс жүйесін жасап шығарады. Бұл не және қалай жұмыс істейді?
Бағдарламалау жағынан қуатты жабдықталған камералар жүйесі әр ойыншыны бақылайды. Оларды реттік нөмірі, дене бітімі, тіпті шаш үлгісінен анықтайды. Бейнежазба бойынша матчтың 3D-картинкасы жасалынады. Бұл барлық ойыншыларды жақыннан көруге және алынған мәліметтерді талқылау барысында қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сол ойын жағдайында немесе басқа сәтте ойыншының қай жаққа қарағанына дейін көруге болады.

"Хоффенхаймның" жаттығулары қалай өтеді?
Ең жас және болашағы бар бапкер дайындайтын клубта жаттығудың ерекше түрлері қолданылады. Оларда, мысалға, алаңда мұқияттылықты дамытатын Helix жүйесі бар. Helix - бірінші жақтан қарағанда алаң бейнеленген жарты дөңгелек пішінді үлкен экран. Алаңда виртуалды футболшылар жүгіріп жүреді. Бірінші жақтағы шынайы ойыншының мақсаты - кімнің доппен жүргенін және қосымша жанып тұрған екі ойыншыны анықтау. Шынайы ойын барысында Helix ойыншыларға концентрация сақтауға көмектесетін көрінеді. Наггельсман жалпы жаңа технологияны жаны сүйетін адам. Ол тіпті жаттығу кезінде де  ойынды үлкен экранда талдайды. Ал футболшылар физикалық тұрғыда ғана дамытатын емес, сонымен бірге ақыл-ойды күшейтетін әртүрлі ойындар ойнайды. Видео соңында айтқандай Наггельсман футболдағы Big Data-ны зерттеуге жақсылап кіріскен.

Дортмундтағы "футбонафт".
Сіздер бұл машинаны бұрын көрген боларсыздар. "Footbanaut" аппараты футболшылардың алаңдағы шешім қабылдау жылдамдығын арттыру үшін қолданылады. Техниканы да жақсартады. Аса қиындығы жоқ: 8 машинаның бірі ойыншыға пас береді де, допты қай шаршыға теуіп салу керек екенін көрсетеді. Боруссия футболы жақсарған соң, осындай футбонафттарды көптеген клубтар сатып ала бастады. Ойыншылар мен бапкерлерге даму үшін әр мүмкіндікті қолдану керек, сондықтан заманауи технологиялардың көмегі аса қажет. Ақыры, олар сізге матчты жеңу үшін қажетті басымдықты береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или