Брейк-данс Олимпиада бағдарламасына енеді

Брейк-данс Олимпиада бағдарламасына енеді

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) брейк-дансті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Around the Rings басылымының жазуынша, қатысушылар бұл спорт түрінен алғаш рет 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде бақ сынайды. Сондай-ақ Франция астанасында спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг және серфинг жарыстары жұрт назарында болады.

<span>Брейк-данс </span>2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының бағдарламасында болды. Бұл спорттан алғашқы чемпион - ресейлік Сергей Чернышев.

Бұған дейін ХОК 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатарына бейсбол, каратэ, серфинг, <span>спорттық құзға өрмелеу</span> және скейтбординг жарыстарын енгізу туралы шешім қабылдаған.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или