ҚР президенті Элизабет Тұрсынбаеваны жетістігімен құттықтады

ҚР президенті Элизабет Тұрсынбаеваны жетістігімен құттықтады

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz cайты.

- Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жүлдегері атанды! Тарихта тұңғыш рет төрт айнала секірді! Жарайсың! Құттықтаймын!, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында. 

Айта кетейік, Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионаты жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева үшін сәтті аяқталды.  Бүгін еркін бағдарламада отандасымыз 148, 80 ұпай еншіледі. Осылайша екі бағдарлама қортындысында 224, 76 ұпай жинаған Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал бірінші орынды Ресей атынан сынға түскен Алина Загитов жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или