«Айтарға сөз жоқ»

«Айтарға сөз жоқ»

2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Ал Мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы әрі ҚР үстел теннис федерациясының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім жариялана сала көптеген спортшылар әлеуметтік желілерде өз көңіл-күйлерімен бөлісті:

Ардақ Назаров:

«Естігенде жүрек бір түрлі болып кетті...
Алла Тағалам Елімізге береке-бірлігін, тыныштығын нәсіп етсін!
Елбасымыздың Қазақ халқына жасаған еңбектері, тарихта алтын әріппен жазылары хақ.
Халқымызға жақсылық тілеймін»

Кенесары Кененбаев:

«Жеке өз басым үшін Президентіміздің зейнетке шыққаны өте өкінішті. Ол қазақ халқы үшін және Қазақстан үшін бәрін жасады ».

 Жеңіл атлетика федерациясы:

«Thanking you for all! Stay blessed!»

 Ал ҰОК ешқандай сөз жазбады, тек Елбасының суретін жариялады.

Сабина Алтынбекова:

«Өзгерістер өз жақсылығымен келсін! Әрқашан үздіксіз! Рақмет!»

Дмитрий Баландин:

«Барлығы үшін рахмет! Президент мырза»

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или