Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогына қатысады

Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогына қатысады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

3-12 наурыз аралығында өткен жаттығу жиынына<span> </span>Милад Карими, Аким Мусаев, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Дмитрий Патаниндер<span> </span>қатысты. 

Ал Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі кубоктық дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды. 

Бакудегі әлем кубогі кезеңінде төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Еркін жаттығу: М. Карими, Д. Патанин

Ат снарядындағы жаттығу: Н. Курбанов, А. Мусаев

Шығыршық: Д. Патанин

Қол тіреп секіру: Д. Патанин, М. Карими

Қоссырық: Е. Жантықов, М. Карими

Гимнастикалық керме: Е. Жантықов, М. Карими

Бас бапкер: Александр Ким. 

Әлем кубогы кезеңіне спорттық гимнастикадағы үздік спортшылар түгелдей дерлік қатысады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или