Руслан Жанғазов: Азия чемпионатының алтынын алу мен үшін үлкен мәртебе

Руслан Жанғазов: Азия чемпионатының алтынын алу мен үшін үлкен мәртебе

2-9 наурыз аралығында Сингапурда желкенді спорттан Азияның ашық чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшы тарихта тұңғыш рет алтын медаль иеленді. 

Руслан Жанғазов желкенді спорттағы laser standard бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды. 

«Чемпионатқа жалпы есебі 12 елден спортшылар қатысты. Менің бағдарламамда бес елдің өкілдері бақ сынады. Атап айтар болсақ, Жапония, Маврикий аралдары, Индонезия және Италия спортшыларына қарсылас атандым. Жалпы алғанда, қарсыластардың да әлеуеті жоғары. Мысалы, жапондар әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысады. Осындай сында алтын алу мен үшін үлкен мәртебе. Чемпионатқа дайындық жаттығу залында өтті. Өйткені, қыс айларында біздің спорт өкілдері үшін қиындау. Дегенмен, осындай кедергілерге қарамастан чемпион атанғаным үшін қуаныштымын. Жапондар менің әлеуетімді жақсы бағалап, әлем чемпионатына қатысуға шақырды. Жалпы алғанда, елге медаль әкелсем деген ойым орындалды», - деді Руслан Жанғазов ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Бұдан бөлек, Қазақстан атынан сынға түскен Карина Жанғазова 8-ші, Владимир Щанкин 13-ші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или