ҚФФ бас хатшысы отандық футболдағы жемқорлық туралы айтты

ҚФФ бас хатшысы отандық футболдағы жемқорлық туралы айтты

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайтына берген сұқбатында отандық футболдағы жемқорлыққа байланысты пікір білдірді.

– ҚФФ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай да бір шара қолданылып жатыр ма? Қазірдің өзінде Prosports.kz сайты құзырлы органдармен бірлесіп, жұміс істеуде.

– Қазақстан футбол федерациясы төрешілер арасында жемқорлықтың болмауын қадағалап отыр. Өткен жылы екі футбол төрешісін қызметінен шеттеткен болатынбыз. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады. Тағы қосарым, федерация мен құқық қорғау органдары арасында меморандумға қол қойған. Жемқорлыққа қатысы бар әбір төрешіні анықтап, қылмыстық іс қозғатуға дейін барамыз. 

– Ал үкімет қаржысын жымқырып отырған клуб басшылары мен спорттық директорларға қарсы күрес жүргізуге сіздердің құзырларыңыз жетпей ме?

<span>– Қазақстан футболына байланысты мәселенің бәрі федерацияға да қатысты. Бірақ футбол клубтарын тексеруге, олардың жеке ісіне араласуға құзырымыз жеткіліксіз. ҚФФ-ның лицензиялау департаменті клубтардың жұмысшылар алдында қарызын болмауын, салықты уақытылы төлеуін, жалақының кешіктірілмеуін және толық мөлшерде төлеуін қадағалап отырады. Қажет жағдайда жергілікті құқық қорғау органдары және әкімдіктермен байланысқа шығып, бірлесе жұмыс істейміз. Қазақстан футбол федерациясы әрқашан таза және ымырасыз футболды қолдайды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или