Хабибтен Toyota-ның кілтін алған ақтөбелік қыз құпияны айтты

Хабибтен Toyota-ның кілтін алған ақтөбелік қыз құпияны айтты

24 жастағы Сәуле Болатбаеваға аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедов "Toyota Camry" көлігін сыйға тартты.

Жаңа жыл қарсаңында танымал спортшы Хабиб өзінің Іnstagram парақшасында "гив-байқау" ұйымдастырып, талапты 100 % пайыз орындаған оқырмандарына бағалы жүлде қорын өз қолымен ұсынатынын жаз­ған.

Миллиондаған адамдар бағын сынап, спортшы қой­ған талаптарды орындауға кіріседі. Ұтыс­қа Хабибтің қолтаңбасы қойыл­ған бес кітап, "іPhone" және "Samsung Galaxy" ұялы телефондары, 10 мың рубль, арнайы лагерьде жаттығу жолдамасы мен тағы басқа сыйлықтар тігілді. Ең басты ұтыс - "Toyota Camry" көлігі болды.

Ал Сәуле "Хабиб пен Макгрегордың" жекпе-жегін көргеннен кейін Нурмагамедовтің парақшасына жаңадан тіркеліпті.

"Ақтөбеде мектеп бітіріп, қазір сауда-саттықпен айналысамын. Ата-анам, бауырларыммен тұрамын. Уақытымның көп бөлігі жұмысқа кететіндіктен әлеуметтік же­лілерде онша белсенді де емеспін. Танымал спортшыға достықты Конор Макгрегорды жеңгеннен кейінгі сайысты көрген соң ұсындым.

Содан бері ол кісінің парақшасын бір рет те қарамаппын. Тек Хабиб мырзаның ұтыс ойнататын күні Instagram парақшама кіріп қалып, байқауға қатыс­қым келді. Сөйтіп барлық талаптарды орындап шықтым. Ойын 29-желтоқсан күні сағат 20.00-де тоқтатылып, 30-ы күні Хабиб жеңім­паздарды анықтап, есімдерін атайтын болған.

Ал 30 желтоқсан күні кешкі 22.00-ден аса құрбымның ағасы телефон соғып, сүйінші сұрады. Ол уақытта біз құрбым екеуміз жаңа жылға да­йындық жасап, сауда орындарын аралап жүргенбіз. Ағасы мән-жайды тү­сіндіріп, менің қатысқанымды және көлік ұтып алғанымды қуана жеткізіп жатты. Мен онша сеніңкіремей, желіге кірдім", - дейді Сәуле.
Айта кетейік, Сәуленің осы жеңісінен соң желідегі 500 досының саны аз уақытта 5000-ға жеткен.

"Хабибтің ойын парақшасындағы тікелей эфирі аяқталып қойған екен. Бірақ байқау оның storіes-інде сақтал­ған болатын. Сөйтіп видеоны қарадым. Расында менің аккаунтым бас жүлде Toyota Camry" көлігін ұтыпты", - деп ағынан жарылды бойжеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или