Панарин мен Ниязов бадминтоннан әлем кубогында үздік үштіктен көрінді
Угандада бадминтоннан әлем кубогы кезеңі аяқталып, қазақстандық спортшылар жұптық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Олимпиада ойындарына ұпай тарататын рейтингілік турнирге Қазақстан атынан Дмитрий Панарин, Артур Ниязов пен Хайтмұрат Құлматов қатысқан болатын.
Үш спортшымыз да жекелей сында жеңіліске ұшырады. Ал Ниязов пен Панарин жұптасып жарысуда әлем кубогінің қола медалін иеленді.
Олар жалпы есебі үш кездесу өткізіп, шешуші матчта Үндістан спортшыларына есе жіберген.
Кубоктық кезеңдегі жүлделі орын біздің спортшылардың әлемдік рейтингтегі ұпайын еселеді. Олар Угандадағы турнирден 1700 ұпай еншілеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или