Аян Бейсенбаев триатлоннан Америка кубогының күміс жүлдегері атанды
Триатлоншы Аян Бейсенбаев Америка құрлық кубогының күміс жүлдегері атанды деп жазады Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кубаның Гавана қаласында өткен жарыста Бейсенбаев Elite категориясы бойынша сынға түсті. Ол стандартты қашықтықты 1 сағат 52 минут 2 секундта жүріп өтіп, жеңімпаздан 1 минутқа артта қалды.
Бірінші орында 1 сағат 50 минут 50 секунд көрсеткішімен америкалық Колин Шартье иеленсе, үздік үштікті жапондық Гента Учида қорытындылады.
Тағы бір қазақстандық триатлоншы Мейірлан Ысқақов 7-ші, жастар құрамасының мүшесі Темірлан Теміров 20-шы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или