Қазақстандық гимнастар әлем кубогында үздік ондыққа енді

Қазақстандық гимнастар әлем кубогында үздік ондыққа енді

Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан кезекті әлем кубогы мәресіне жетті. Қазақстан сапынан үш спортшы финалда бақ сынап, алғашқы ондыққа енді. 

Ерлер арасында Аким Мусаев пен Милад Карими ақтық сынға жолдама алған болатын. Мусаев гимнастикалық қоссырық пен ат снарядында 7-ші орын иеленді. 

Милад Карими қол тіреп секіру және гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша 8-ші орыннан көрінді.

Қыздар арасындағы бәсекеде еркін жаттығудан финалда сынға түскен Аида Бауыржанқызы 7-ші орында. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или