Таеквондошыларымыз Мысырда екі жүлде алды
Мысыр елінде таеквондодан G2 санатындағы «Egypt Open» турнирі өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде екі спортшымыз қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне<span> </span>сілтеме<span> </span>жасап.
80 келідегі Нұрлан Мырзабаев пен 49 келідегі Айнұр Есбергеновалар рейтингілік турнирде үздік үштікке енді. Екі спортшымыз да жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.
Египеттені турнирге әлемнің 25 мемлекетінен 242 спортшы қатысуда. Бүгін Қазақстан сапынан Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Фариза Алдоңғарова мен Дениз Жансель сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или