Қазақстандық спортшы гимнастикадан әлем кубогының финалына өтті
Мельбурнде спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар арасынан Аким Мусаев финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мусаев ат снарядындағы жаттығуда 5-ші орын иеленді. Ол тікелей финалға жолдама алып, үздіктер қатарында сынға түседі.
Осы жаттығуда бақ сынаған тағы бір спортшымыз Нариман Курбанов жалпы есепте 10-шы орын иеленіп, финалға өтетін спортшылардың қосалқы құрамына енді.
Еркін жаттығуда өнер көрсеткен Милад Каримидің де көрсеткіші 10-шы орын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или