AVANGAR Katowice Major турнирінің плей-офф кезеңіне бір қадам жақындады

AVANGAR Katowice Major турнирінің плей-офф кезеңіне бір қадам жақындады

Қазақстандық AVANGAR<span> </span>командасы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын Katowice Major халықаралық жарысында<span> </span>Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO)<span> </span>ойынынан үшінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында AVANGAR 16:12 есебімен team Liquid командасынан ұтылып қалды. Екінші кездесуде AVANGAR америкалық NRG командасынан басым түсті. Есеп - 16:13. AVANGAR-дың капитаны Али Jame Джами ойынның үздігі деп танылды.

Ал бүгін түнде AVANGAR тағы бір америкалық ұжымды қапы қалдырды. Қазақстандық ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаев өнер көрсететін FaZe Clan командасы AVANGAR-дан 16:13 есебімен жеңіліс тапты. Бұл жолы да  Али Jame Джами 1,37 ұпайымен ойынның үздігі атанды.

Katowice Major халықаралық жарысының плей-офф кезеңіне бір қадам қалды. Әзірге AVANGAR-дың қарсыласы белгісіз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или