KZ Pro League: киберспорттан алғашқы кәсіпқой лиганың тұсауы кесілді

KZ Pro League: киберспорттан алғашқы кәсіпқой лиганың тұсауы кесілді

CIS Esports League мен AVANGAR киберспорт ұйымы еліміздегі Counter-Strike: Global Offensive ойыны бойынша алғашқы кәсіпқой лиганың тұсауын кесті.

<span>Енді еліміздегі киберспортшылар FaceIT тәуелсіз платформасында Қазақстанда орналасқан серверлерде бақ сынайтын болады. KZ Pro League деп аталатын алғашқы кәсіпқой лига Counter-Strike: Global Offensive ойыны бойынша өтеді.  </span>

<span>Бұл турнирдің арқасында қазақстандық ойыншылар беделді Еуропа лигаларының іріктеуіне қатыса алады. Бұған дейін қазақстандық киберспортшылардың басты проблемасы — жоғары пинг болатын. Енді қазақстандық киберспортшылар пингі 30* көрсеткішінен көп болмайды. </span>

<span>Алғашқы турнирдің жүлде қоры 1000 АҚШ долларын құрамақ. Тұрақты маусымнан бөлек, апта сайын әр түрлі турнирлер өткізеледі. Ал болашақта KZ Pro League үздік ойыншылары Еуропаның ең беделді турниріне (FPL) жолдама алады.  </span>

<span>FaceIT - Солтүстік Америка, Еуропа және ТМД елдеріндегі киберспорт жарыстарын өткізуге арналған ашық ойын платформасы. 2012 жылы Лондонда ашылған бұл ұйымда ойыншылар сапалы сервер ашып, өзіндік турнир ұйымдастыруға, сапалы ойындарды ойнауға мүмкіндік алады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или