Регбиден Азия федерациясының президенті Қазақстан ҰОК өкілдерімен кездесті

Регбиден Азия федерациясының президенті Қазақстан ҰОК өкілдерімен кездесті

Астанада Азия регби федерациясының президенті Хусейн Ага мен Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков және бас директор Нұрлан Нөгербектің қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптардың әрі қарайғы әріптестігі туралы әңгіме қозғалды. Хусейн Ага Қазақстанға сапары барысында Астана және Алматы қалаларында болды. Оның елімізге келудегі басты мақсаттарының бірі Қазақстан регби Федерациясының отырысына қатысу еді. 

Бірінші кезекте аталған спорт түрінің еліміздегі даму қарқыны сөз болды. Қазақстандағы регби спортының дамуы айтарлықтай жоғары деңгейде еместігі де айтылды. 

Регбиден Қазақстан әйелдер командасының әлемдік серияның іріктеу турниріне қатысуы да жиында талқыланған басты мәселелердің бірі болды. Сондай-ақ, еліміздегі жаттығу талаптарымен де басшылық танысып үлгерді.

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасының 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия иелені мүмкіндігі бар. Ол үшін лицензия тарататын екі мүмкіндіктің бірін пайдалану қажет. 

Айта кетелік, біздің қыздар командасы үшін Азия аймағындағы іріктеу кезеңі аса маңызды болмақ. Төрт жыл бұрын қазақстандықтар құрлықтағы жалғыз жолдамаға талас кезінде Жапонияға жол беріп, Рио Олимпиадасынан сырт қалған еді. Енді Күншығыс елінің өкілдері іріктеу сындарынан босатылды. Демек, жолдамаға басты үміткер ретінде Қазақстан мен Қытай құрамаларын қарастыруға болады. Екі команданың лицензия иелену мүмкінді тең дәрежеде екенін айта кеткен жөн. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или