Үміткерлер лигасы: AVANGAR-дың қарсыласы анықталды

Үміткерлер лигасы: AVANGAR-дың қарсыласы анықталды

PUBG Contender League алғашқы маусымының басталуына санаулы күндер қалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Тұрақты лигаға 32 команда қатысатын болады. Осы командалардың үздіктері PUBG Europe League - жоғарғы дивизионының іріктеуіне қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша 32 команда екі топқа бөлінді. AVANGAR командаcы А тобына түсіп, DESPERADO командасына қарсылас атанды. 

Алғашқы маусымда 4 ойын аптасы өтеді. Әр аптада командалар 4 ойын күнінде 4 картада бақ сынайды. Алғашқы аптада А тобының, екінші аптада В тобының командалары өзара сынға түседі. Ал үш және төртінші аптада екі топтың үздіктері мықтыны анықтайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или