ҚР ҰОК бас хатшысы Бүкіләлемдік карате федерациясының басшысымен кездесті

ҚР ҰОК бас хатшысы Бүкіләлемдік карате федерациясының басшысымен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков каратеден Біріккен Араб Әмірліктерінде өкен Премьер-лига турнирінің аясында Бүкіләлемдік карате федерациясының (WKF) президенті Антонио Эспиноз және ұйымның вице-президенті Нассер Әл Разукимен кездесті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кездесу барысында қос тарап каратенің даму қарқынын және 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындық барысын талқылады. Бүкіләлемдік федерация басшысы қазақстандық тараппен әріптестікті әрі қарай дамытуға мүдделі екенін айта келе, елімізде өтетін Kazakhstan Open 2019 турнирін тамашалауға, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК және Қазақстан карате федерациясымен жақынырақ танысуға уәде берді. Антонио Эспиноз мырза ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қазақстандық каратешілердің әлеуетін  жоғары бағалады. 

Айта кетелік, былтыр Мадридте өткен Бүкіләлемдік Конгресте Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Жасталап Санауов Бүкіләлемдік карате федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазақстандық бапкер Бүкіләлемдік карате федерациясына сайланған ТМД-ның алғашқы өкілі болып саналады.

БАӘ халықаралық турнирде қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижелерімен<span> </span>мына<span> </span>жерден танысуға болады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или