Батутты гимнастикадан әлем кубогында қазақстандықтар сәтсіз өнер көрсетті

Батутты гимнастикадан әлем кубогында қазақстандықтар сәтсіз өнер көрсетті

Мәскеуде батутты гимнастикадан әлем кубогы кезеңі аяқталды. Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені Игорь Грачев тіркеді, деп xабарлайды Prosports.kz cайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кубоктық кезең Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің бірі болып саналады. Қазақстан атынан жарысқа төрт спортшы қатысты. Оның арасында 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Пірмаммад Әлиев те бар.

Өкінішке қарай, Әлиев бар болғаны 62-шы орынды місе тұтты. Ал ең жақсы көрсеткіш Игорь Грачевтің еншісінде, 33-ші орын. Данияр Түсіпов 52-ші, Данил Мұсабаев 68-ші сатыда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или