Ең бай қазақстандық спортшылар | ТОП-10

Ең бай қазақстандық спортшылар | ТОП-10

QUECIE порталы әлемдік деңгейде ең көп қаражат тапқан Қазақстанның 10 спортшысының тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

1. Геннадий Головкин

Боксшының жеке қоры 8,5 миллион долларды құрайды.

2. Василий Жиров

1996 жылы Антланта қаласында өткен олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Жировтың байлығы 8,1 миллион долларды құрап отыр.

3. Николай Антропов

Астаналық «Барыс» хоккейшісі 7,6 миллион доллар қаржымен үздік үштікті иеленген.

4. Самат Смақов

Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншылардың бірі қазіргі таңда «Ақтөбе» клубының қожайыны. Оның жеке қорында 7,5 миллион доллары бар.

5. Бақтияр Артаев

2004 жылы өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшының қаржысы 6,9 миллон долларды құрайды.

6. Ярослава Шведова

Кәсіби теннисші 2012 жылы үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте 25 орынға дейін көтерілді. Оның байлығы- 5 миллион доллар.

7. Галина Воскобоева

Ресей мен Қазақстан құрамаларының атынан халықаралық жарыстарға қатысқан теннисшінің атында 4,3 миллион қаржысы бар.

8. Виталий Колесник

Хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысының қаржысы - 3,5 миллион доллар. 

9. Андрей Карпович

Кәсіби футболшының жеке қоры 3,3 миллион долларды құрайды. Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны да болды. Ол қазіргі уақытта көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

10. Руслан Балтиев

Бұрынғы қазақстандық футболшының байлығы 2,8 миллион долларға бағаланып, тізімнің ондығына жайғасып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или