Ресейлік спортшылар су ішінде төбелесіп қалды
Су добынан Ресейдің ішкі чемпионатының кезекті турында спортшылардың қатысуымен жаппай төбелес болды.

Оқиға "Синтез" бен волгоградтық "Спартак" арасындағы ойын кезінде орын алған.

Cпортшылардың қақтығысы ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда басталыпты.
Кадрдан төбелестің жобамен бір минутқа созылғанын, кейінірек екі құраманың бапкерлері де сөзге келіп қалғанын байқауға болады.
Қос командаға қандай жаза қолданылатындығы алдағы уақытта шешіледі.

Айта кетейік, "Синтез" бен "Спартак" ішкі чемпионатта 34 ұпаймен екінші орынды бөлісіп тұр.