Спорттық гимнастикадан команданың басты мақсаты қандай

Спорттық гимнастикадан команданың басты мақсаты қандай

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне дайындықты аяқтады. Спортшылар Пензада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жарыс бағдарламасын біршама қиындатқан болатын. Мәселен, Нариман Курбанов Е элементін қосты. 

Бас бапкер Александр Ким Ресейдегі оқу-жаттығу жиыны мен әлем кубогі қарсаңындағы команданың жай-күйі туралы әңгімелеп берді. 

«Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін дайындықты одан әрі жалғастырады. Кезекті оқу-жаттығу жиыны Пензада арнайы техникалық бағдарлама бойынша өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – комбинация мен снарядтагы акробатикалық секіру элементтерін қиындатып, Мельбурнде өтетін лицензиялық әлем кубогі кезеңіне гимнастарымызды дайындау болатын.

Өткен жылы Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығу бойынша осы турнирдің алтын медалін еншілеген. Биыл Пензада өткен жаттығу жиынында ол өз бағдарламасын одан әрі қиындатып, Е элементін қосты.  

Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне Милад Карими мен Аким Мусаев та қатысады. Карими еркін жаттығу, қол тіреп секіру, керме мен қолсырықтағы жаттығуда бақ сынайды. Өткен жылы Милад қолсырықтағы жаттығудан ауыр жарақат алып, біраз үзілістен кейін ғана қатарға қосылғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Мусаев еркін жаттығуда, қол тіреп секіру, ат пен қоссырықтағы жаттығуда сынға түседі. Қазақстан команданының өзге мүшелері әлем кубогінің келесі кезеңдері мен Ұлан-Батырда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или