Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогында үздік алтылыққа енді
Канаданың Ванкувер қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем Кубогі кезеңі аяқталды. Қазақстан сапынан үздік нәтижені Дмитрий Алексанин тіркеді.
2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы алтыншы орыннан көрінді. Эльмир Алимжанов 28-ші, Вадим Шарлаимов 41-ші, Руслан Курбанов 53-ші орын иеленді.
<span>Шпагашылар сынында жапониялық Коки Кано жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Энрико Гароццо, қола жүлдені франциялық Александр Бардене мен америкалық Джейкоб Холи иеленді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или