Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатының» жүлдесін жеңіп алды
АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» күміс жүлдегер атанды.
Тұрсынбаева еркін бағдарламада 139.37 ұпай жинап, маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті.
Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева 207.46 ұпай жинады. Бұл турнирдің күміс жүлдегері атануға лайық нәтиже.
«Төрт құрлық чемпионатындағы» әйелдер арасындағы сында жапониялық Рика Кихира жеңімпаз атанды. Ол жалпы есебі 221.99 ұпайға қол жеткізді.
Үшінші орында 207.12 ұпай жинаған Жапонияның тағы бір өкілі Маи Миахара.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или