Никита Манько еркін бағдарламаға жолдама алды
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Анахайм қаласында өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» ерлер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды. Қазақстандық Никита Манько еркін бағдарламаға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Манько 51.15 ұпай жинап, 22-ші орынға табан тіреді. Бұл ұпай оның еркін бағдарламада өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.
Ерлер бәсекесінде 100.18 ұпаймен америкалық Винсент Чжоу алда келеді. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Чха Чжун Хван (97.33 ұпай), үшінші орында қытайлық Цзинь Боян (92.17) орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или