Қазақстандық каратэшілер Жапонияда жаттығады

Қазақстандық каратэшілер Жапонияда жаттығады

Ақпан айының басында каратеден Қазақстан құрамасының бірнеше мүшесі бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Токиоға аттанады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауовтың айтуынша, спортшылар Жапония Ұлттық Олимпиадалық Комитетінен шақырту алып отыр. 

 - Жапония олимпиадалық комитетінің арнайы шақыртуына Азия ойындарында жүлде алған үш спорты ие болды. Олар -  Гузалия Гафурова, Дидар Әмірәлі және Данияр Юлдашев. Ұшып барып-келу, жатын орны мен тамақтану секілді шығынның барлығын жапондар көтеріп отыр. Жиынды ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған спортшылар Азия ойындарында жақсы әсер қалдырған.

Азиада кезінде Жапония Олимпиада комитетінің өкілдері, оның ішінде, дзюдо федерациясының басшысы, танымал дзюдошы Ясухиро Ямашита каратешілер бәсекесін залдан тамашалапты. Дзюдо тарихын білетіндер Ямашитаның 5 дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы екенінен хабардар. Сол Ямашита бір кездесуде сынған аяғымен жеңіске жеткен еді.

Джакартада тап осындай жағдай біздің Гафурованың басында болды. Ол дәрігерлердің тыйымына қарамастан финалға шығып, жеңіске жетті. Міне, осындай сәттер жапондарды да таң қалдырған болуы керек, - дейді бас бапкер. 

Айта кетелік, отандық спортшылар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Юки қаласы билігі арасындағы меморандумға сәйкес, 2020 жылға дейін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрады. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или