Бадминтоннан Қазақстан құрамасы ел чемпионатына қатысады

Бадминтоннан Қазақстан құрамасы ел чемпионатына қатысады

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының спортшылары 12-16 ақпан күндері Орал қаласында өтетін ел чемпионатына дайындалып жатыр. Олардың қатарында ұлттық құрама үздігі Дмитрий Панарин де бар. 

Биылғы маусым бадминтоншылар үшін де тартысқа толы болмақ. Олимпиадаға жолдама ұстататын рейтингілік турнирлер 2019 жылдың мамыр айында басталады. Ал оған дейін еліміздің беткеұстар спортшылары бірнеше халықаралық турнирлерге қатыспақшы. 

Естеріңізде болса,<span> </span>Дмитрий Панарин<span> </span>2018 жылы Буэнос-Айресте өткен Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан болатын. Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алу үшін Панарин 30-ға жуық турнирге қатысты.

Алайда, оның жасөспірімдер арасында жиған ұпайы ересектер рейтингінде есепке алынбайды. Сондықтан, Дмитрий барлығын жаңадан бастап, іріктеу сындарынан сүрінбеуі тиіс. 

Сондай-ақ, қазақстандық бадминтоншылар командалық әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или