«ABAI UNIVERSITY CUP» атты Ректор кубогына арналған кіші футболдан турнирі өтті

«ABAI UNIVERSITY CUP» атты Ректор кубогына арналған кіші футболдан турнирі өтті

2019 жыл Жастар жылы аясында, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 26-27 қаңтарда Алматы қаласының 8 ауданынан 16 мектеп 250 оқушы қатысқан  «ABAI UNIVERSITY CUP» атты Ректор кубогына арналған кіші футболдан турнирі өтті.

 Дәстүрлі іс-шараның мақсаты жас футболсүйер оқушылардың спортқа деген ынта-жігерін қолдауға, отандық футболдың маңыздылығын арттыруға бағытталды.

Турнирдің салтанатты ашылуына қатысқан, университет басшылығынан Оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаев, Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, университеттің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, профессор Мухиддинов Ерғали Мухиддинұлын, Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми – практикалық дене тәрбиесі орталығы спорт бөлімінің бас маманы – Елемесов Бахтияр, университеттің студенттер қауымы атынан Студенттік ректораттың төрайымы Базарбекова Нұрсая жарыс қатысушыларына өз лебіздерін білдірді.

Университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы, өз сөзінде, Елбасының жуырда Қазақстан жастарымен кездесуіндегі «тек спортпен шұғылдану - денсаулықтың басты кепілі» деген жалынды пікірлерін айта келе, өскелең ұрпақтың денешынықтырумен айналысуы - тәлімді тәрбиеге, ұстамды мәдениетке, ұшқыр білімге, биік жеңістерге жұмылдыратындығын жеткізді. Сонымен қатар, жалпы жастардың студенттік өмірлерінде елеулі ықпал ету үшін университет тарапынан Жастар жылында қолға алынған бастамалардың ерекше орын алатындығын айқындап өтті.

Турнир аудандардан іріктелген командалардың қатысуымен екі күн олимпиадалық жүйесімен жүріп, сөйтіп тартысты ақтық сайысқа №93 және №197 мектептер шыққан болатын.

Турнирдің нәтижесі бойынша, ресми турнир туралы мектеп оқушылары арасынан әлеуметтік желіде «үздік пост» номинациясында №167 мектептің оқушысы Көбейген Абылай болса, кездесулердің  «үздік ойыншысы» болып 157 мектептің оқушысы Адылбаев Алишер, «үздік қақпашы» №115 мектептің оқушысы Жанғозин Досым, «үздік қорғаушы» №108 мектептің оқушысы Қасен Санжар атанды.

Ал негізгі қатысушы мектептер ішінен оқбойы суырылып шыққан №146 мектептің құрамасы үшінші орынды иеленсе, екінші орында №197 мектептің айбынды құрамасы мектебі орнықты. Турнирдің жалпы қорытындысы бойынша финалда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Ректорының кубогын №93 мектебі 2:1 есебімен жеңіп алды.

Қатысушы мектеп жастарына университет тарапынан арнайы дипломдар, бағалы және ақшалай сыйлықтар табысталды.  

 Ескере кететін жайт, «ABAI UNIVERSITY CUP» Ректор Кубогы іс-шарасының кеңістігі тек спортты қамтып қана қоймай, еліміздің шығармашылық-интеллектуалды жастардың қызығушылығындағы салаларды да қамтиды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или