Қазақстанға Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті келді

Қазақстанға Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті келді

Бүгін Астанаға алғаш рет халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс ресми сапармен келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span> Халықаралық комитет басшысы алдымен Астанадағы заманауи паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысымен танысты. Одан соң, құрметті қонақ пен ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сондай-ақ, аталған кездесуге отандық белгілі Зүлфия Ғабидуллина, Александр Колядин секілді параспортшылар қатысты. </span>

<span>«Менің Қазақстанға алғаш рет келуім, осы ретте алған әсерім ол бөлек әңгіме. Ал бүгінгі тақырып параспортқа арналғандықтан оның сіздерде бар екеніне көзім жетті. Қазақстандағы параспорт дамуының нәтижесі, халықаралық паралимпиададағы жетістіктерден білуге болады. Сондай-ақ, халықаралық стандартқа сай паралимпиадалық орталықтарыңыз бар. Біз өз тарапымыздан Қазақстанның паралимпиадалық ұлттық комитетімен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Соның бір дәлелі осы жазда Астанада пара пауэрлифтингтен өтетін әлем чемпионаты», - деді Эндрю Парсонс.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или