Қазақстандық таэквондошылар Fujairah Оpen турнирінде бақ сынайды
Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеп.
Құрама сапында 26 спортшы рейтингілік турнирлерге дайындалып жатыр. Қазақстан таэквондошылары үшін жылдың ең алғашқы ресми жарысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтеді.
1-3 ақпан аралығында өтетін Fujairah Оpen турнирінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Елдос Ысқақ, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділханов, Азамат Теңібаев, Руслан Жапаров, Айнұр Есбергенова, Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз, Мереке Жүнісова, Смайыл Дүйсебай және Айтуар Шәйкенов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или