Асхат Слямханов қола медаль үшін күреседі
Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Иван Ярыгин турнирінде қазақ балуаны Асхат Слямханов қола медаль үшін күреседі.
70 келіде белдескен Асхат жартылай финалда моңғолиялық Мандахнаран Ганзоригтен 4:9 есебімен ұтылып қалды.
Қола медаль үшін өтетін кіші финалда Асхатты тағы бір моңғол балуаны Бямбадорж Энхбаяр күтіп тұр.
57 келідегі Абзал Өкенов алғашқы белдесуде моңғолиялық спортшыға есе жіберді.
70 келідегі финалдық бәсекелер бүгін өтеді. 27 қаңтар күні 76 келіде бақ сынайтын Эльмира Сыздықова кілемге шықпақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или