Пиралы Әлиев 4 жасар баланың отасына қаржылай көмек көрсетті
Керекулік «Ертістің» қорғаушысы төрт жасар павлодарлық Николай Козиннің еміне көмектесті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.
– Төрт жылда ол бірнеше ауыр отадан өтті. Барлық емін, Ресейде қаралған кезде де, бәрін отбасымызбен төледік, - деді баланың анасы Ирина Кокарева.
Иринаның айтуынша, жанұясы павлодарлықтардан көмек сұрауға мәжбүр болған. Себебі, балаға ауыр ота жасалып, қайта қалпына келу процессі жүруі тиіс еді.
– Біз Павлодар тұрғындарының мейірбан екенін білетінбіз. 400 мың теңге жинауымыз керек болған. Еріктілер әлеуметтік желіде 315 мың теңге жинап берді. Ал, кейін  «Ертістің» ойыншысы Пиралы Әлиев 400 мың теңгені қолымызға ұстатты.
Ирина Кокарева қажетті сомадан көп ақша жиналғандықтан, үш ауру балаға 100 мыңнан үлестіріп беруді ұйғарған.
Осыған дейін керекулік клубтың ойыншылары игі істермен айналысқан болатын. Пиралы Әлиев екі жастағы баланың емін толықтай төлеп берсе, Руслан Есімов жас футболшыларға 25 топ сыйлаған еді.