Қазақстандық киберспорт командасы әлем үздіктерінің қатарына енді
<span>Қазақстандық «Avangar» киберспорт командасы әлемдік рейтингіде үздік 20 команданың қатарына енді. </span>
<span>HLTV рейтингінде біздің командамыз 17-орынға жайғасқан. Көш басында даниялық «Astralis» командасы. Екінші сатыға «Liquid» еуропалық кәсіпқой командасы орналасқан. Ал үздік үштікті украиналық «Natus Vincere» ұжымы түйіндеп тұр. </span>
<span>«Avangar» командасында төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами. </span>
<span>Айта кетейік, күні кеше «Avangar» CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінде жеңіске жеткен болатын. Финалда қарсыласы Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңген «Avangar» 30 мың АҚШ доллары мен IEM — Katowice Major 2019 турнирінің жолдамасын иеленді. Бұл жарыстың жүлде қоры - бір миллион АҚШ долларын құрамақ. </span>