Қазақстандық нояндар Дохадағы гран-приге қатысады
Катар астанасы Дохада семсерлесуден Гран-при турнирі басталды. 23-28 қаңтар аралығында өтетін бәсекеден Қазақстан құрамасы да тыс қалмайды.
Доха төрінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды.
Ерлер, шпага:<span> </span>Дмитрий Алексани, Руслан Құрбанов, Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин, Ерлік Сертай.
Қыздар, шпага:<span> </span>Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова.
Еске сала кетейік, жыл басында өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар сәтсіз өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или