Все о киберспорте
Киберспорт

Әлемнің үздік ойыншылары кімдер?

Әлемнің үздік ойыншылары кімдер?
news-banner7
mobile-news-top

11. Ладислав «Guardian» Ковач үздік жиырма ойыншы тізімінде 11-орынға табан тіреген 27 жасар словакиялық ойыншы 2018 жыл көлемінде өзінің үздік ойындарын өткізді десек қателеспеспіз. Аталған жыл словак үшін Сидней қаласында өткен Inter Extreme Masters XIII – Sydney турниріндегі жеңісімен басталып, ESL One Belo Horizonte 2018 және EPICENTER 2018 чемпионаттарындағы бас жүлдемен толыға түсті. Одан кейін турнирлер Ковач және оның командаластары үшін аса сәтті бола қоймаса да, Сиднейде өткен IEM Sydney біріншілігінің MVP, яғни турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды.

Ладислав «Guardian» Ковач

Ладислав «Guardian» Ковач


10. Марсело "coldzera" Давид – 2018 жылдың үздік ойыншылар тізімінің оныншы орнына жайғасқан «SK Gaming» командасының ойыншысы бұл ұжым сапында 2015 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. 2018 жылы команда MIBR сапына өтіп өздерінің алғашқы турнирлерінде, ZOTAC Cup Masters 2018, жеңіске жетіп, FACEIT Major – London 2018 чемпионатының үздік төрттігіне енген болатын.

Марсело «coldzera» Давид

Марсело «coldzera» Давид


9. Фредди «KRiMZ» Йоханссон HLTB.ORG порталы ұсынған тізімнің тоғызыншы орнына ие болып отыр. Швециялық «Fnatic» командасында 2014 жылдан бері өнер көрсететін 24 жасар ойыншы өз командаластарымен бірге 2018 жылы IEM Season XII – World Championship және PGL Grand Slam 2018 турнирлерінің чемпионы атанып, Intel Extreme Masters XIII Chicago чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Фредди «KRiMZ» Йоханссон

Фредди «KRiMZ» Йоханссон


8. Лукас «gla1ve» Россандэр еш қиналмастан осы тізімнің ең ерекше ойыншыларының бірі деп айта аламыз. Себебі, даниялық Astralis ұжымының сапында 2016 жылдан бері ойнап келе жатқан ойыншы IGL (in game leader – команда капитаны) ретінде өз команасын алға сүйреп, өзінің 70% ойындарын оң нәтижемен аяқтап жүрген Лукас 2018 жылы мүмкін деген турнирдің барлығын жеңді десекте болады - Esports Championship Series Season 5, ELEAGUE CS:GO Premier 2018, FACEIT Major — London 2018, ESL Pro League Season 8, Esports Championship Series Season 6, DreamHack Masters Marseille 2018, BLAST Pro Series — Istanbul 2018, BLAST Pro Series — Lisbon 2018.

Лукас «gla1ve» Россандэр

Лукас «gla1ve» Россандэр


7. Эмиль «magisk» Рейф өз капитанынан бір саты жоғары орналасып, даниялық команда шын мәнінде осы жылы ең үздік болғанын тағы да бір рет дәлелдеп отыр. Эмильдің де еншісіне жоғарыда, аталып өткен турнирлердің чемпиондық атағы тіркеліп, сонымен қатар Лиссабонда өткен BLAST Pro Series — Lisbon 2018 турнирінің үздік ойыншысы номинациясына ие болған.

Эмиль «magisk» Рейф

Эмиль «magisk» Рейф


6. Кит «NAF» Маркович бүгінгі күнге дейін шыққан тізімді қорытындылап, HLTV.ORG порталының үздік 6 ойыншы құрамына кіріп отыр. Канадалық ойыншы Team Liquid сапына 2018 жылдың ақпан айында қосылып, сол уақыттан бері cs_summit және SuperNova Malta 2018 турнирлерінде жеңіске жетіп, қос турнирде де Кит MVP алған болатын.

Кит «NAF» Маркович

Кит «NAF» Маркович

Тізімнің алғашқы 8 ойыншысын "HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншылар тізімі (20 - 12 орындар)" постынан біле аласыздар

Түпнұсқасы: hltv.org Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер