Денис Теннің анасы Жанар Толыбаеваға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты
Денис Теннің анасы Оксана Тен бүгіні сот отырысында Жанар Толыбаевға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты.
- 2018 жылдың 25-ші сәуірінде 21-54-те Еуропаға шығыс қоңырау болған. Оның қайда және кімге xабарласқанын тексерулеріңізді сұраймын. Нөмірдің басы +4-тен басталады. Нақты айтсақ бұл - Швейцария. Шығыс та, кіріс те қоңырау болған. Сен қоңырау шалдың, артынан саған қайта xабарласты.
Алтыншы мамыр, 3-ші, 5-ші, 7-ші, 20-ші шілде күндері шығыс та, кіріс те қоңыраулар болған. Соңғы қоңырау сен тастап жіберген сим картадан болды. Сен xабарластың бірақ сосын саған қоңырау шалмады.<span> </span>
Ұялы телефон қоңырауларына сәйкес мен келесі отырысқа қарсы шағым түсірмекпін. Себебі мұнда Денистің айналасының қатысы бар. Аталған нөмірлер оның айналасындағылардікімен сәйкес келуде, - дейді Оксана Тен.<span> </span>
Алайда Жанар Толыбаева Еуропаға қоңырау шалмағанын айтты.<span> </span>
- Ол Қырғызстанға немесе Өзбекстанға болуы мүкін, - деп жауап берді күдікті.