Семсерлесуден әлем кубогын қазақстандықтар сәтсіз бастады

Семсерлесуден әлем кубогын қазақстандықтар сәтсіз бастады

Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ.  

Шпагашылар сынында ең жоғарғы нәтижені Дмитрий Адайкин көрсетті. Ол 30-шы орын иеленген. Азиада чемпионы Дмитрий Алексанин 34-ші орында. 

Иван Дерябин 74-ші, Руслан Курбанов 92-ші, Вадим Шарлаимов 124-ші, Эльмир Алимжанов 225-ші сатыда қалған. 

Шпагашылар додасында франциялық Александр Бардене чемпион атанды. Күміс жүлде италиялық Давиде Ди Веролидің еншісінде. Қола медальді ресейлік Георгий Бруев пен жапониялық Коки Кано жеңіп алған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или