"Fujairah Open G1" рейтингілік турниріне қатысатындар белгілі
Таеквондодан Қазақстан құрамасы жылдың беташар жарысына аттанады. Ақпанның 1-3 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейро қаласында "Fujairah Open G1" рейтингілік турнирі өтпек деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері жарысқа қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Олар:
Елдос Ысқақ, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділханов, Азамат Теңібаев, Руслан Жапаров, Айнұр Есбергенова, Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз, Мереке Жүнісова, Смайыл Дүйсебай және Айтуар Шәйкенов.
Команданың бас бапкері – Ю Енг Джин. Аға жаттықтырушы – Батырбек Есдәулетов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или