Алана Тоқтарова ұпай жинап жүр

Алана Тоқтарова ұпай жинап жүр

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы Алана Тоқтарова бұл күндері халықаралық жарысқа қатысқалы жатыр. 

Қазақстандық спортшы АҚШ-та өтетін "Төрт құрлық чемпионаты" турниріне қажетті ұпай жинауға тырысуда. Ірі додаларға жақында ғана қатыса бастаған оның ұпайы әзірге жеткіліксіз.

Ұлттық құрама өкілінің хабарлауынша, Алана бірнеше халықаралық турнирге қатысып, керекті ұпайға қол жеткізуге тырысады. 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың аяғында Алана Тоқтарова Загребтегі халықаралық сында қола медаль тағынды. Кейін Ақтөбеде өткен ел чемпионатында топ жарды. 

Ал ақпанда өтетін "Төрт құрлық чемпионатында" Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева бақ сынайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или