Оңтүстік Америкада «Дакар» ралли-марафоны басталды

Оңтүстік Америкада «Дакар» ралли-марафоны басталды

Оңтүстік Америкада автораллиден шабандоздардың жарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Хабар 24 порталына сілтеме жасап.

<span>Биылғы бәсекеге 61 елден 300-ден аса экипаж жиналды. Бірақ өкінішке орай, олардың арасында қазақстандық спортшылар жоқ. Өйткені қаржылық қиындықтарға байланысты «Астана» командасы өткен жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. </span>

<span>Нәтижесінде квадрацикл және жеңіл көліктер санатында катарлық, испаниялық және франциялық шабандоздар топ басына шықты. Ал жүк көліктері арасында ресейлік командаға тең келер ешкім болмады. «Дакар» жарысының алда әлі 9 кезеңі бар. Осы аралықта экипаждар 5 600 шақырымды жүріп өтуі керек.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или