Денис Теннің өлімі: Полиция қызметкері сот алдында жауап берді
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан кезекті сот отырысында оқиға орнында болған полицей жауап берді. Сержан Адалбай мәнерлеп сырғанаушы қаза тапқан күні не болғанын және не көргенін айтып берді.
«19 шілде күні мен қызметте болдым. Рациядан маған Байсейітова көшесінде адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабар алдым.
Өзім Мұқанов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында болдым. Жақын болған соң, бірден оқиға орнына жөнелдім. 10 минут шамасында сол жерде болдым.

Барғанымда адам көп болды. Олардың ары тұруын қамтамасыз еттік.

Жедел жәрдемді күтіп алып, жарақат алған адамды салып жібердік. Одан кейін, оқиға орнын тексере бастадық. Взвод командирі бізге айналаны қарап шығуымызды тапсырды.
Жерде екі айна жатты. Олар Денистен бір метрдей қашықтықта болды. Біз ол айнаның спортшыға тиесілі екенін анықтадық.

Мен барғанымда Денис ес-түзсіз жатты. Бір куәгер бастапқыда жігіттер әшейін алысып жатқан болар деп ойлаған. Тек спортшы жерге құлағаннан кейін, шынайы төбелес болғанын түсінді" , - деді Сержан Адалбай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или