Апатқа түскен Евгений Левкин комментаторлық қызмет етіп жүр

Апатқа түскен Евгений Левкин комментаторлық қызмет етіп жүр

Трамплиннен секіруден 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Евгений Левкин отандық телеарнада спорттық репортаждар жүргізіп жүр. Бұл туралы prosports.kz тілшісі хабарлайды.

Бірнеше жыл бұрын көлік апатына түсіп, екі аяқтан жүруден қалған спортшы  бүгінгі таңда балаларды спортқа баулып, жаттықтырушы қызметін атқарып жүр. Бұдан бөлек Qazsport арнасында хоккей мачтарынан репортаж жүргізіп жүр. Кеше "Алматы" хоккей клубы мен "Алтай Торпедо" командалары арасындағы ойында комментаторлық етіп, матч соңында алматылық клубтың директоры Дидар Сағадиев Левкинге арнайы сый әзірледі. Евгений Левкин осы бір қуанышты сәтін өз инстаграмм парақшасында бөліскен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или