Қаңтарда спортшылар қандай жарыстарға қатысады

Қаңтарда спортшылар қандай жарыстарға қатысады

2019 жылы қаңтарда елімізде өтетін спорт жарыстары мен қазақстандық спортшылар қатысатын халықаралық жарыстар белгілі болды. Olympic.kz қаңтар айына арналған күнтізбені ұсынды.<br />Қостанайда 6-12 қаңтар аралығында жүзуден ел чемпионаты өтеді. 12 қаңтар күні жеңіл атлетикадан Қазақстан Кубогы басталады. Сондай-ақ жеңіл атлеттер Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде (19 қаңтар, ел чемпионатында (22-24 қаңтар) бақ сынайды. Барлық жарыс Өскемен қаласындағы жеңіл атлетика манежінде өтеді.

17-19 қаңтарда Алматыда үстел теннисінен Қазақстанның ТОП-12 спортшысы арасынада турнир өтеді. 29 қаңтар күні Астанада спартакиада басталады.

28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астанада еліміздің үздік гимнасшылары анықталады. Бұдан бөлек осы айда жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаттары өтеді.

Велотрекшілер 3 қаңтар күні халықаралық жарыстар легін бастап кетті. Олар 14 қаңтарға дейін Джакартада өтетін рейтингілі Азия чемпионатына қатысып жатыр.

 

Төменде толық күнтізбені ұсынамыз:

Семсермен семсерлесуден әлем Кубогы (ерлер) – 9-13 қаңтар, Хайденхайм (Германия),

Бокстан «Ұлттар кубогы» халықаралық туринирі (әйелдер) – 14-21 қаңтар, Сомбор (Сербия),

 

Трек велоспортынан әлем Кубогының 5-кезеңі (спринт) – 14-21 қаңтар, Кембридж (Жаңа Зеландия)

Стендтік атудан Grand-prix Marocco - 18 қаңтар -7 ақпан, Рабат (Морокко)

Трек велоспортынан әлем Кубогы (спринт) - 21-29 қаңтар, Гонконг (Гонконг)

Каратеден «Премьер-Лига Париж» – 23-28 қаңтар, Рим (Италия)

Семсерлесуден Гран при (семсер, ерлер, әйелдер) - 23-28 қаңтар, Доха (Катар)

Трек велоспортынан әлем Кубогы – 23-28 қаңтар, Гонгконг

Таеквондодан Fujairah open G1 халықаралық турнирі – 31 қаңтар–4 ақпан, Фуджейра, (БІА)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или