Сотталушының қорғаушысы Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін жоққа шығарды

Сотталушының қорғаушысы Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін жоққа шығарды

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қорғаушысы мәнерлеп сырғаанушы Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деген нұсқамен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басқа да адамдардың қатысы бар деп ойлауға еш негіз жоқ. Сондықтан тапсырыспен өлтірілді деген ақылға қонымсыз», – дейді қорғаушы Амангелді Сариев.

Сариевтің сөзінше, Жанар Толыбаеваға ҚР ҚК 434-бабына (Қылмыс туралы айтпау) сәйкес айып тағу оның жауабына сай келмейтінін айттын. Қорғаушының пікірінше, қорғауындағы әйел Тенді өлтіріп жатқанын өз көзімен көріп, оны бәрінен жасырып қалған жағдайда ғана оны аталған бап бойынша айыптауға болар еді. Қорғаушының сөзінше, Толыбаева Денис Теннің адам қолынан ажал құшқаны туралы БАҚ-тан біліпті.

«Неліктен олар бірігіп пәтер жалдап тұруды ұйғарды? Мұның бәрі кездейсоқтық емес. Құдайбергенов Астанадан енді келген, пәтер жалдамаған. Ал Толыбаева бұл уақытта екі күннен кейін жұмысқа орналасуы керек еді. Сол үшін олар пәтер жалдаған. Сонымен қатар Қиясовты ағасы үйінен қуып шыққан», – дейді Амангелді Сариев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или